5 қыркүйек сағат 11:00-де Комсомол аралында орналасқан этно-саябақта жануарларды жақсы көретіндерге арналған отбасылық іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фестиваль қонақтары үшін түрлі ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады. Атап айтқанда, иттерге арналған жарыстар, жүргізушілер мен DJ өнер көрсететін үлкен сахна, квест, аниматорлар, шеберлік сабақтары, жәрмеңке және т.б.
PET DOG FEST фестивалінің басты оқиғаларының бірі – жануарларға арналған 300 келі жемнің ұтыс ойыны. Сонымен қатар фестиваль серіктестері сыйлықтар мен жүлделер дайындады.
Фестиваль аумағында арнайы ойын валютасы – PET DOG MONEY қолданылады. Қонақтар байқауларға қатысып, PET DOG MONEY жинай алады. Кейін оны фестиваль аумағында сыйлықтар мен жүлделерге айырбастауға мүмкіндік бар.
Іс-шара аясында қала тұрғындарына палау таратылады. Оны сатудан түскен қаражат жануарларға арналған көмек көрсетуге бағытталады.
Кіру тегін.
Пікірлер