A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 14:45 0

Өскемендегі онкологиялық орталықтың жанынан пансионат ашылды

Бүгін / Өскемен

Жаңа пансионатта 10 орын қарастырылған. Мұнда химиотерапия, сәулелік және хирургиялық ем қабылдайтын, қажетті тексерулер мен медициналық процедуралардан өтетін науқастар орналаса алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Пансионат медициналық орталықтан небәрі үш минуттық жаяу жерде орналасқан. Бұл басқа елдімекендерден келген науқастарға ем алу кезінде тұратын жер іздеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
– Енді ем қабылдау кезінде қайда тұрамын деп алаңдаудың қажеті жоқ. Медициналық орталықтың жанында болып, денсаулығыңызға көңіл бөле аласыз, – деді орталық мамандары.
Пансионаттан орын алу үшін орталықтың тіркеу бөліміне хабарласуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив