A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:05 0

Өскеменде 70 000-нан астам зейнеткер тұрады

Бүгін / Өскемен

Шаһар басшысы Алмат Ақышов егде жастағы тұрғындарды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, қазір қалада 70 000-нан астам зейнеткер тұрады. Олардың арасында 100 жастан асқан 19 қария, төрт Ұлы Отан соғысы ардагері және 1714 тыл еңбеккері бар.
– Өскемен әкімі Алмат Ақышов сіздерге зор денсаулық, ғұмырлы жас, отбасылық игілік және бақ-береке тілейді. Балаларыңыз бен немерелеріңіз әрқашан қасыңызда болып, сіздерді табыстары мен жетістіктерімен қуанта берсін, ал дана кеңестеріңіз бен баталарыңыз болашақ ұрпаққа берілсін! – деді әкімнің баспасөз қызметі өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив