A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:30 0

Өскеменде Қарттар күніне орай іс-шара өтті

Бүгін / Өскемен

Мейрам қарсанындағы ізгілік шарасына «Әділет» партиясы жанындағы жастар қанатының белсенділері мен депутаттар қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Олар «Луч Надежды» пансионаты мен әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, оның тұрғындарын мерекемен құттықтады. Қарияларға жылы лебіздерін білдіріп, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Шара барысында орталық тұрғындарына арнап концерттік бағдарлама ұсынылды. Жастар ән айтып, өнерлерін ортаға салып, қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекелік бағдарлама аяқталған соң жастар пансионат аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Айналаны ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар аға буынға құрмет көрсетіп қана қоймай, жастарды ізгілікке, қамқорлыққа және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға үндейді. Сонымен қатар мұндай бастамалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив