A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 11:25 0

Өскеменде кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер үшін өзгеше көрме өтуі мүмкін

Бүгін / Өскемен

Қазан айында қалада жергілікті тауар өндірушілердің дәстүрлі «Өскемен өнімі» көрмесін ұйымдастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, көрме отандық өнімдерді ілгерілетіп, жергілікті өндірушілерді қолдауға бағыттлаған. Сондай-ақ кәсіпкерлер, тұтынушылар және мемлекеттік органдар арасында іскерлік байланыстарды дамытуға арналады делінді.

– Көрмеге қатысу өз өнімдеріңізді таныстыруға, жаңа клиенттер мен іскерлік серіктестер тартуға, сондай-ақ басқа да жергілікті өндірушілермен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді, – делінген ақпаратта.

 

Қатысу шарттары және қатысуды растау бойынша қосымша ақпаратты 87076718494, 87760948899 телефондары арқылы немесе pred_uka@mail.ru электрондық поштасы арқылы алуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив