A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:10 0

Өскеменде аспалы жол құрылысы кейінге қалдырылды

Бүгін / Өскемен

Аспалы жолды салуға инвестор табылмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шаһарда аспалы жол салу идеясы алғаш рет 2024 жылы талқыланған болатын. Бірінші кезеңде ол Қазақстан тауы мен Амфитеатрды байланыстырады деп жоспарланған. Жоба көлік пен туризм функцияларын біріктіріп, қала инфрақұрылымының бір бөлігіне айналуы тиіс еді.

– Өскемендегі бұл жобаның мерзімі әлі нақтыланбады. Басты мәселе – инвестиция тарту. Мұндай жобаларды бюджет шеңберінде жүзеге асыру мүмкін емес. Бюджеттегі қаражатқа әуелі әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылады, – деді ШҚО Туризм және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив