A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:40 0

Өскеменде жүргізуші жол апатына түскен соң оқиға орнынан қашпақ болған

Бүгін / Өскемен

Алдын ала мәлімет сәйкес, 45 жастағы ер адам көлікті масаң күйде рөлге отырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат облыстық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына түскен. Куәгерлер апаттан соң жүргізушінің оқиға орнынан кетуге тырысқанын хабарлаған.
Полиция қызметкерлері шақырту бойынша оқиға орнына жедел жеткен. Ер адам көлігін тастап, қашуға ұмтылғанымен, полицейлер оны қолға түсірді. Ұсталған жүргізуші медициналық тексерістен өтті.
Аталған факті бойынша жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив