A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:20 0

Өскемендегі ауруханалардың бірінде дәрігерге ерекше жағдайда тап болды

Бүгін / Өскемен

Облыстық ауруханалардың бірінде өңір тұрғыны оң жақ мықын тұсы қатты ауырсынды деп шағымданған. Тексеру барысында құрсақ қуысында ісіктің бары анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған дейін әйел аудандық ауруханада компьютерлік томографиядан өткен. Зерттеу нәтижесінде құрсақ қуысында ісік бары белгілі болды. Оның көлемі едәуір үлкен болғандықтан, науқастың іші жүктіліктің соңғы кезеңіндегідей көрінген.
Алайда әйел ішінің ұлғаюын аурумен байланыстырмаған. Күрт салмақ жинауы уайымға себеп болды деп ойлапты. Уақыт өте келе ішінің көлемі айтарлықтай қолайсыздық туғыза бастады. Науқаста ентігу мен ауырлық сезімі пайда болып, ұйықтағанда тек шалқасынан жатуға мәжбүр болған.
Қосымша тексеру барысында жатыр миомасы екені анықталды. Оның ерекшелігі сол, миоматозды түйін жатырдың сыртқы бөлігінде өскен. Осыған байланысты ауруға тән белгілер байқалмады.
Дәрігер-хирург-гинеколог Юлия Якушеваның айтуынша, оң жақ мықын тұсындағы ауырсынудан миома белгілері байқалмапты. Сондықтан дәрігерлер басқа патология болуы мүмкін деген болжам жасап, хирургтармен бірлесе операция жасау туралы шешім қабылдады.
Операция кезінде  миомадан бөлек, тағы бір патология анықталған. Құрт тәрізді өсінді айналасындағы тіндердің арасында «қамалып» қалыпты. Оны дәрігерлер миоманы алып тастаған соң бірақ анықтаған. Хирургтар кейінірек қабынған аппендиксті алып тастады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив