A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 11:45 0

Өскемендегі ипподром құрылысы тоқтады

Бүгін / Өскемен

Аталған объектінің құрылысы былтыр маусым айында басталған. Қалалық құрылыс бөлімі мәліметінше, қазір қазба жұмыстары аяқталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мердігер компания – «DK Proekt» ЖШС. Болашақ ипподромның жүгіру жолының ұзындығы – 2200 метр болса, трибуналар 423 адамға есептелген. Жобаның жалпы құны – 1 462 936 550 теңге. Қаржыландыру облыс және қала бюджеттерінен жүзеге асырылады. 

Құрылыс аяқталған соң нысан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы балансына беріледі.

– Биыл қаржыландыру жоқ. Сол себепті жоба келесі жылға қалып отыр. Құрылысты 2027 жылы аяқтау жоспарланған, – деді құрылыс бөліміндегілер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив