A+ A A-

talgatzhan 48 Бүгін, 12:20 0

Өскеменде тұмауға қарсы ресейлік вакцина қолданылмақ

Бүгін / Өскемен

Қалада балалар мен ересектерге тұмауға қарсы екпе салына басталды. Екпені тұрғылықты мекенжайы бойынша емхананың егу кабинеттерінен алуға болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мәлім болғандай, ауруға қарсы ресейлік «Гриппол» вакцинасы қолданылады. Ең алдымен созылмалы аурулары бар адамдарға, балаларға, жүктіліктің үшінші триместріндегі әйелдерге және егде жастағы азаматтарға вакцина салдыру ұсынылады. Қарсы көрсетілімдері болмаса басқалары да екпе ала алады.

Екпені тауық ақуызына аллергиясы бар адамдарға салуға болмайды. Балалар үшін оның алдындағы дозадан кейін аллергиялық реакцияның болуы да қарсы көрсетілім болып саналады. Ал дене қызуының көтерілуінен бөлек, созылмалы аурулар асқына бастаса, екпені сауығып кеткенше алмау қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив