A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:00 0

Өскеменде №7 автобустың бағыты ұзартылуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы қалалық мәслихат депутаты Серік Оразғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, қоғамдық қабылдауға «Иртышский строитель» бау-бақша қауымдастығының төрайымы жүгінді. Ол қыс мезгілінде 120-дан астам отбасы тұратын бірнеше бау-бақша қауымдастығы атынан өтініш білдірді. Тұрғындар №7 автобус бағытын осы саяжай аумағына дейін ұзартуды сұрап отыр.

–  Тасымалдаушылармен сөйлестік. Олар маршрутты ұзартуға қарсы емес. Алайда ол үшін ТҮКШ бөлімі Бажов көшесінен бастап саяжай аумағына дейінгі жолдарды қыста қардан тазартуды қамтамасыз етуі қажет. Осы мәселеге қатысты қала әкімінің орынбасарына депутаттық сауал жолдадық, – деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив