A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 11:30 0

Өскеменде көлігін заңсыз қайта жабдықтаған жүргізушілер жазаланды

Бүгін / Өскемен

Патрульдеу барысында полицейлер автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтаудың қайталанған екі дерегін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Екі көлік иесі де әкімшілік жаза қолданылған соң бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзушылық жасаған. Екі оқиғаның бірінде автокөлік аспасы төмендетілсе, екіншісінде тікелей шығару жүйесі орнатылған. Көлік иелерінің әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 10-бөлігі бойынша жазаланды.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері LADA маркалы автокөліктердің конструкциясын заңсыз өзгертуге қатысты тағы үш дере тіркеді. Жүргізушілер тиісті рұқсатсыз аспаны төмендетіп, көліктердің жерден биіктігін төмендеткен. Бұл құқық бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігімен жазаланады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив