Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ойындары аяқталуға жақын. Қай команданың 1-лигаға кететінін әлі нақты айту қиын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Вахид Масудов жаттықтыратын «Алтай Өскемен» қазір турнир кестесінде 16 команда ішінде 14-орында тұр. Олар кеше сырт алаңда ақтаулық «Каспийге» 1:2 есебімен жол берді. Қазір 28 турдан кейін қоржында 25 ұпай бар.
Бас бапкердің көмекшісі Павел Удалов ойыннан кейінгі баспасөз концеренциясында мұндай нәтижеге көңілі толмайтынын, екінші таймда ойыншының алаңнан қуылуы жағдайды қиындатып жібергенін айтқан болатын.
Оның ізін ала «Қайсар» (24 ұпай) мен «Жетісу» (22 ұпай) ұжымдары кестені түйіндеп отыр. Дегенмен кімнің ұпай жоғалтып, сәтті ойын көрсетері алаңда белгілі болады. Айталық, өскемендік клубтың соңғы үш ойыны да қиынға түскелі тұр. Қалай болғанда да тек жеңіс тілейміз. Ал қарсылас:
18.10 І «Атырау»
25.10 І «Елімай»
31.10 І «Қайрат»
Фото: f.c.altai, kazfootballkz
Пікірлер