Күздің екінші айында шаһар тұрғындарын бірнеше қызықты мәдени шара күтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалада концерттер, стендап-шоулар мен ерекше шығармашылық кештер ұйымдастырылады.
18 қазан күні сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында «Хат жазып тұр» атты спектакль-концерт өтеді. Қойылым режиссері – Жантай Тұрысбек.
22 қазан күні сағат 19:00-де Достық үйінде Жансая Мұратбекқызының «Қабырға» атты жеке стендап-концерті ұйымдастырылады.
27 қазан күні сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке шығармашылық кеші өтеді.
Өскемендіктер мен қала қонақтары үшін бұл шаралар күзгі демалысты мазмұнды өткізіп, өнер иелерінің шығармашылығынан әсер алуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта қараша айында өтетін мәдени шаралар туралы да ақпарат ұсынамыз.
Пікірлер