A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 09:10 0

Өскемендегі студенттер жатақханасынан өрт шықты

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласындағы 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеде өрт тұтанған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялауды ұйымдастырды.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 16 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді.

— Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив