16 қазанда “Туған жер - алтын бесігім” жобасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында кеншілер шаһарының көрмесі мен концерті ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
17:00-де филармония фойесінде Риддер қаласының тарихы мен дәстүрін заманауи технологиялармен ұштастыратын көрме өтеді. Келушілерді интерактивті робот қарсы алып, көрермендер сирек кездесетін кітаптар, голограммалар, көне техникалық құрылғылар мен жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарын тамашалай алады. Сонымен қатар, «Сөмкедегі Риддер» инсталляциясы қала ерекшеліктерімен жаңаша танысуға мүмкіндік береді.
Көрменің бір бөлігі өңірдің табиғи байлықтарына арналады. Қонақтар дәрілік шөптермен, сирек кездесетін өсімдіктермен, шырғанақтың түрлі сұрпымен және табиғи шикізаттан жасалған өнімдермен таныса алады.
Оқушылардың инновациялық жобаларына да ерекше назар аударылады. №1 мектеп-лицейінің оқушылары экологиялық, медициналық және тұрмыстық мәселелерді шешуге бағытталған өз жобаларын ұсынады.
18:00-де гала-концертте қаланың шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді.
Пікірлер