A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:10 0

Өскеменде екі қызметті бірдей атқаратын ерекше тіректер орнатылып жатыр

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында көше жарығы мен мобильді байланысты біріктіретін заманауи тіректер орнатылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шаһарда «Қос мақсаттағы тіректер» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жаңа құрылғылар бір мезгілде көшелерді жарықтандырып, мобильді байланыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны облыстық Цифрландыру және архивтер басқармасы мен Beeline ұялы байланыс операторы бірлесіп іске асыруда.

Жалпы, қалада осындай 9 тірек орнату жоспарланған. Қазір оның екеуі монтаждалып, пайдалануға берілді. Олар Белинский көшесі, 37а және Бажов көшесі, 534/1 мекенжайларында орналасқан.

Қалған жеті тіректі жақын уақытта іске қосу көзделіп отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив