A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:05 0

Өскеменде барар жері жоқ тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр

Бүгін / Өскемен

Қалалық әкімдіктің «Өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы» полициямен бірлесіп, қиын жағдайға тап болған адамдарды анықтау мақсатында патрульдеуге кірісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Орталық өкілдерінің айтуынша, бірлескен жұмыстың басты мақсаты – көмекке мұқтаж адамдарды жедел анықтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қажетті әлеуметтік қолдау көрсетіп, қоғамға қайта бейімделуіне көмектесу.
Баспанасыз адамдарға баспана мен тамақ ұсынылып, қажет болса, құжаттарын қалпына келтіруге көмектесетін мекемеге жолдама беріледі. Айта кетейік, орталық Глубокое ауданындағы Белоусовка кентінде орналасқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив