A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:50 0

Өскемендегі балабақшада интерактивті тақта пайда болды

Бүгін / Өскемен

Шаһардағы № 1 «Балапан» балабақшасында интерактивті тақта орнатылып, хореография кабинеті жаңартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған жұмыстар Казцинк компаниясы қолдауымен жүзеге асырылды.

Биыл мектепке дейінгі мекеме өзінің 15 жылдығын атап өтеді. Балабақшаны Казцинк компаниясы салып, қала халқына сыйға тартқан еді. Бүгінде бұл жерде 2-6 жас аралығындағы 300-ден астам бала бар. 2023 жылдан бастап құзыреттілік орталығы ретінде қызмет етіп келеді. Елдің түкпір-түкпірінен келген мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіліп, мамандар өз тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ, балалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін үйренеді.

– Балаларға кішкентайынан жаңа нәрселерді үйренуге, қызығушылық пен шығармашылықты дамытуға көмектесу маңызды. Технология тәрбиешілер назарымен, қамқорлығымен және кәсібилігімен үйлескенде, балалар ерекше ықыласпен оқып, қабілеттерін ашад, – деді компанияның әкімшілік істер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев. 

«Казцинк» компаниясы осыған дейін балабақшаны қыш шеберханасымен, интерактивті құмсалғышпен, дене шынықтыру орталығымен, LED экранмен жабдықтауға көмектескен. Бұл балаларға шығармашылық пен зерттеуге көбірек мүмкіндік береді. Осы арқылы олар тәжірибе жасап, өз жобаларын ойлап табады. Интерактивті тақта сабақтарды қызықты өткізуге көмектеседі.

– Қазіргі балабақша бұл тек әдемі орын, жайлы сыныптар және кәсіби мұғалімдер ғана емес. Бұл әр бала үшін жаңа мүмкіндіктер мен ойлау қабілетін дамыту үшін жағдай жасайтын орын. Біз алған жаңа жабдықта осы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді, – деді №1 «Балапан» балабақшасының директоры Дина Раимбаева.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив