A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:30 0

Өскеменде түсірілген фильм жақында жарыққа шығады

Бүгін / Өскемен

Жазда шаһарда түсірілген продюсер Дариға Бадықованың жаңа фильмі 19 қарашадан бастап кинотеатрларда көрсетіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

“СОҢЫРА” фильмі – құтқарушылардың күнделікті қызметі мен ерлігін арқау еткен туынды. Фильмде өз қажеттіліктерін кейінге ысырып, өзгелердің өмірін сақтап қалу үшін басын қатерге тігетін бүгінгі күннің батырлары туралы баяндалады. Олардың жауапкершілігі, қиын сәттерде дұрыс шешім қабылдауы мен адам өмірін құтқару жолындағы табандылығы көрерменге ой салады.

Айта кетейік, фильм түсірілімі жаз мезгілінде қаланың бірнеше нысанында жүргізілді. Осылайша, шаһардың көріністері кинотуындының көркемдік мазмұнына арқау болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив