Ресми ақпаратпен қала әкімдігі бөлісті. Аталған іс-шара Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын көру қабілеті бұзылуының алдын алып, көзді жүйелі түрде тексертіп тұру маңыздылығын түсіндіруге бағытталған іс-шараға қатысуға шақырып жатыр.
Ол 24 қазан күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өтеді.
Іс-шара бағдарламасында:
1) көру қабілетін тегін тексеру;
2) дәрігер-офтальмологтердің кеңесі;
3) көз саулығын сақтауға бағытталған дәрістер мен профилактикалық іс-шаралар қарастырылған.
Қатысушылар көру қабілетін сақтау туралы пайдалы ақпарат алып, көз ауруларының алдын алу жолдарымен танысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
«Көру күні» – денсаулыққа көңіл бөліп, кәсіби мамандардың кеңесін алуға және жақындарыңызға көз саулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салуға мүмкіндік беретін іс-шара.
Іс-шараға ересектер мен балалы отбасылар қатыса алады. Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, алдын ала тіркелу қажет.
Тіркелу телефоны: +7 705 216 0355.
Сондай-ақ осы нөмірге WhatsApp арқылы хабарласып, өтінім қалдыруға болады.
Пікірлер