A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 11:20 0

Өскемендіктердің шағымынан соң облыс әкімі Ново-Явленка ауылында тексеріс жүргізуді тапсырды

Бүгін / Өскемен

Өңір әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қабылдауында болған тұрғындар жол жағдайы, баспана, коммуналдық қызметтер мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала іргесіндегі Ново-Явленка ауылының тұрғыны Марина Сальникова «KMM TAS» ЖШС карьерінен қиыршық тас тасымалдайтын ауыр жүк көліктерінің жиі қатынауы ауыл жолдарын бүлдіріп жатқанын айтып, шағымданды.
Облыс әкімі аталған мәселе бойынша тексеру жүргізуді тапсырды.
– Егер бұл дерек расталса, тиісті шаралар қабылданады, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жанерке САДЫҚ

Фото: ШҚО әкімдігі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив