Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
14 қазандағы жағдай бойынша, өңірдің эндемиялық аймақтарында кене шаққан 4479 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың 1336-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен жылмен салыстырғанда келушілер саны 547-ге азайған.
– Кене шаққан соң медициналық көмекке жүгінгендерден 4217 адам серопрофилактикамен қамтылды. Қалған 262 адамға бірқатар себепке байланысты серопрофилактика жүргізілмеді. Оларды кене эндемиялық емес аумақта шаққан. Өздері медициналық көмекке кеш жүгініп, иммуноглобулин енгізуден бас тартқан, – деді Сауле Слямгазина.
Сөзінше, аймақта кене энцефалиті ауруының 15 расталған жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт адамға аз.
Пікірлер