A+ A A-

talgatzhan 26 Кеше, 21:30 0

«Berel» мен «Quanysh» арасындғы жеңімпазды анықтау үшін бес партия қажет болды

Бүгін / Спорт / Басты / Өскемен

Бүгін Өскемендегі Жекпе жек сарайында Ұлттық лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты алғашқы турының бірінші ойыны өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«Berel» жігіттері былтыр Жоғары лигада күміс медаль иеленіп, биыл бәсі биік бәсеке, яғни Ұлттық лигаға жолдама алған. Демек барлық қарсылас қауіпті әрі қиынға түседі. Бүгін петровалдық  Quanysh қонаққа келді. Құрамында Александр Сулейманов, Эдуард Погребняк сынды тәжірибелі ойыншылары бар ұжым оңай шағылар жаңғақ емесі әу баста белгілі болды. 
 
Ал Рафаиль Гилязутдинов баптайтың команда өз жанкүйерлері алдында барынша ұпай алуға тырысты. Самар ауданының екі жігіті ойнайды дегенді естіп, ауылдастары 145 шақырымды артқа тастап, арнайы келген. Нақты айтсақ, шабуылшы Еламан Мұхтаржанов пен либеро Қалибек Қалымбеков мүмкіндігінше сенімді ойнауға тырысты. Негізгі құрамға әу баста байланыстырушы Данил Синкевич, шабуылшылар Александр Фоменко, Әміржан Кургумбаев, Ерасыл және Нұрасыл Тұраров бекітілді. Қос либеро Қалибек Қалымбеков пен Әлішер Марат ауысып алаңға шығып отырды.
 
Ойынға келсек, нақты бір фаворит байқалмады. Себебі, биыл Ұлттық лигада тұңғыш рет бақ сынап өскемендік волейболшылар «Quanysh» ойыншыларынан еш қаймыққан жоқ. Дегенмен алғашқы партияда жеңіс қарсылас еншісіне кетті.
Енді бір мезетте партиялар бойынша жалпы есеп 2:2 болып, жеңімпазды анықтау үшін бесінші партия қажет болды. Шыны керек, екі жақ та допты ойынға қосу кезінде қателікті молынан жіберді. Оған қоса, «Berel» командасының шабуылшысы Александр Фоменок аяғын жарақаттап, ойынды ары қарай жалғастыра алмады. Әуелде жоқтығы білініп, екінші аймақтан жасалған шабуылдар жемісін бермеді. Соңғы партияның алғашқы бөлігін «Quanysh» ойыншылары өз пайдасына шешті. 
 
Содан жанкүйер қиқуы күшейіп, Рафаиль Гилязутдинов шәкірттерін қамшылай түсті. Қуанышқа орай, өскемендік клуб 16:14 есебімен жеңіске жетіп, алғашқы ойынды сәтті өткізді.
Айта кетейік, екінші ойын ертең осы командамен кешкі сағат 18:00-де Жекпе-жек сарайында өтеді.
 
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Фотосуреттер автордікі


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив