Өңірде жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде облыста кен іздеушілікке берілген 75 лицензияның күші жойылды. Лицензияларды қайтарып алуға Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзылуы, оның ішінде қол қою бонусының төленбеуі және міндеттемелердің белгіленген мерзімде орындалмауы негіз болды.
ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы лицензиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және заңбұзушылықтарды уақтылы анықтау мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне мониторинг жүргізуде.
Қабылданып жатқан шаралар жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты нығайтуға, лицензия иелерінің жауапкершілігін арттыруға және өңірдің минералдық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Кен іздеушілік саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу және бақылау жұмыстары жалғастырылады.
Пікірлер