A+ A A-

talgatzhan 30 21-04-2025, 14:55 0

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Жасыл университет» номинациясын жеңіп алды

Бүгін / ШҚО

2025 жылғы 21 сәуірде жалпыұлттық экологиялық қозғалыс аясында «Таза Қазақстан» атты ауқымды экофестиваль өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, экологиялық сананы қалыптастыру мен табиғатқа жауапкершілікпен қараудың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Фестиваль 2024 жылғы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының қорытындысы болды. Қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқан белсенді азаматтар мен ұйымдар марапатталды. Әсіресе волонтёрлердің еңбегі жоғары бағаланып, олардың бастаманы жалпыхалықтық қозғалысқа айналдырудағы рөлі ерекше атап өтілді.

Елеулі сәттердің бірі – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Жасыл университет» номинациясында жеңіске жетуі болды. Оқу орны экологиялық жобаларды іске асыруы, тұрақты даму бағытындағы білім беру бағдарламалары және экологиялық ойлау жүйесін қалыптастырудағы белсенділігі үшін марапатталды.

Бүгінде университетте ондаған ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Олар қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және «жасыл» технологияларды енгізуге бағытталған.

«Таза Қазақстан» фестивалі – елімізде экологиялық жауапкершілік мәдениетін және тұрақты өмір салтын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив