7 желтоқсанда WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен 7 желтоқсан сағат 06:00-де тамашалай алады.
Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық боксшының жекпе-жегі Frost Bank Center аренасында, Техас штатының Сан-Антонио қаласында (АҚШ) өтеді.
Отандасымыз Астанада өткен соңғы жекпе-жегінде Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды.
Сонымен қатар жаһан жұрты асыға күткен бокс кешінде кіші Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек өтеді.
Пікірлер