A+ A A-

talgatzhan 62 Кеше, 17:00 0

ҰБТ-ға қатысу үшін қандай құжат керек

Бүгін / Республика

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге ҰБТ-ға қатысуға қандай құжат қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

16 жасқа толған талапкерлер
- жеке куәлік (немесе паспорт) арқылы тестілеуге кіргізіледі.
- Жеке куәліктің электронды нұсқасын EGOV, KASPI.KZ және HALYK қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
16 жасқа толмаған талапкерлер
- туу туралы куәлік,
- көлемі 3х4 фотосы бар мектептен бекітілген форма бойынша анықтама ұсыну қажет.
Ескеретін жайт, талапкер өзімен бірге тек қалам алып келеді, ал жұмыс үшін А4 парақтары тестілеу орнында беріледі.
Айта кетейік, 2027 жылы ҰБТ тапсырмалары халықаралық стандарттарға бейімделеді.
2026 жылғы қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 187 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив