A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:30 0

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін елордада «Брюгге» командасымен ойнайды

Бүгін / Республика / Спорт

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында бүгін қазақстандық «Қайрат» (Алматы) елордада Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командасымен кездеседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бұл ойында Литвадан келген Донатас Румшас бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқаратын болады. Оған отандастары Александр Радиус пен Довидас Сужеделис көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Робертас Валиконис.

Кездесу 20 қаңтарда күні сағат 20:20-да елордадағы «Астана-арена» стадионында басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Брюгге» 1891 жылы құрылған. Содан бері өз елінің біріншілігінде 19 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді. Сондай-ақ 12 мәрте Бельгия кубогының иегері атанса, 18 мәрте Бельгия суперкубогына ие болды.

Команда 1977/78 жылғы маусымда Еуропа чемпиондары кубогы финалына дейін жетіп, Англияның «Ливерпуль» клубына 0:1 есебімен есе жіберді.

Ал 1975/76 жылғы маусымда UEFA кубогында тағы да Англияның «Ливерпуль» клубына (2:3, 1:1) қос ойынның қорытындысымен жеңіліп қалды.

 

«Брюгге» командасының құрамы:

Қақпашылар: Симон Миньоле, Нордин Яккерс, Артус Ванден Дриссхе.

Қорғаушылар: Йоакин Сейс, Брэндон Мехеле, Бьорн Мейер, Уго Сике, Винс Осуджи, Кирьяни Саббе, Хоэль Ордоньес.

Жартылай қорғаушылар: Александар Станкович, Людовит Рейс, Хуго Ветлесен, Ханс Ванакен, Сиссе Сандра.

Шабуылшылар: Ромео Вермант, Николо Тресольди, Мамаду Диакон, Карлуш Боржеш, Шандре Кэмпбелл.

 

Қазірге дейін «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Ал «Брюгге» Францияның «Монакосын» 4:1 есебімен жеңсе, Испанияның «Барселонасымен» 3:3 есебімен тең ойнап, одан кейін Италияның «Аталантасынан» 1:2, Германияның «Бавариясынан» 0:4, Португалияның «Спортингі» және Англияның «Арсеналына» 0:3 есебімен есе жіберді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив