Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Кирсти Ковентри болашақ қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының кестесі климаттың өзгеруіне байланысты ай бұрын ертерек өткізілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Сәрсенбі күні кешке ХОК-тың 100-ден астам мүшесі Ковентридің «Болашаққа дайындық» бағдарламасы аясындағы келіссөздердің кезекті раунды аясында кездесті.
— Болашақ қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын жоспарлау үшін мерзімді қайта қарастыруымыз қажет болуы мүмкін. Егер ойындарды ертерек өткізсек, бұл балама шешім бола алады, — деді ХОК басшысы баспасөз мәслихатында.
Айта кету керек, қысқы Олимпиада ойындары дәстүрлі түрде ақпан айында өтеді. Ұсынылып отырған өзгерістерге климаттың жылынуы себеп болды, өйткені қар жамылғысының тұрақтылығы мен жарыстарды өткізуге қауіп төніп тұр.
Белгілі болғандай, 2030 жылғы Олимпиада Француз Альпысында 1–17 ақпан аралығында, ал 2034 жылғы Олимпиада АҚШ-тың Юта штатында 10–26 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған.
Алайда болашақ қысқы Олимпиада ойындарын қаңтар айында, ал Паралимпиаданы ақпан айында өткізу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.
Жалпы, ХОК бұған дейін де климаттың өзгеруі болашақ жарыстарды өткізу орны мен ұйымдастыруда қиындықтар тудыратынын мәлімдеген еді.
Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелері маусым айында қайта жиналып, Олимпиадаға шолу нәтижелеріне қарай шешім қабылдап, сондай-ақ 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жаңа спорт түрлерін енгізу қажеттігін талқылайды.
Еске салайық, 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында қысқы Олимпиада ойындары өтеді.
Пікірлер