A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:15 0

Қысқы Олимпиаданың ашылуын қайдан көруге болады?

Бүгін / Республика / Спорт

Төртжылдықтың басты бәсекесі 6-22 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Құрметті қонақтар қатарында кімдер бар?

XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Милан қаласында Қазақстан уақытымен 6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні өтеді. Салтанатты рәсімнің тікелей трансляциясын «Хабар», Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді. Эфир бүгін, 6 ақпан күні сағат 23:55-те басталады.

Ашылу салтанатында әлемге әйгілі өнер иелері – Андреа Бочелли, Мэрайя Кэри және Лаура Паузини өнер көрсетеді деп күтілуде. Ал Олимпиада алауын жағу құрметі италиялық атақты тау шаңғышылары Альберто Томба мен Дебора Компаньониге беріледі.

Дайындыққа жұмсалған қаржы

Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан бұл додаға дайындыққа 13,3 млрд теңге жұмсаған. Ел намысын 10 спорт түрінен шамамен 40 спортшы қорғайды. Жалпы, әлемнің 100-ге жуық елінен келген 3000-ға тарта спортшы 116 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Жарыстар өтетін орындарда Қазақстанның үш бірдей телеарнасының түсірілім тобы жұмыс істейді. Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, аталған бәсекеде құрама сапында төрт шығысқазақстандық атлет жүлде үшін барын салмақ.

Фото: Informburo.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив