Елде 2 - 14 ақпан аралығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қаруды қолдану ережелерінің сақталуына арналған «Қызметтік қару» операциясы өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Осы іс-шараның негізгі мақсаты – қызметтік қаруды пайдаланатын заңды тұлғалардың тексеру. Атап айтқанда, орталықтандырылған сақтау пункттері, қару-жарақ дүкендері, жеке күзет ұйымдары, атыс тирлері, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері, аңшылық шаруашылықтары секілді нысандардың қызметтің қаруды сақтаудағы заң талаптарын орындауы назарға алынды.
– Жалпы, ішкі істер органдарының есебінде шамамен екі мың объекті тұр. Үш күннің ішінде 652 объекті тексеріліп, талаптарды орындамаудың 75 дерегі анықталды. Соның ішінде 55-і қару айналымы ережесін орындамауға, ал 20-сы қызметтік қаруды тіркеу тәртібін бұзуға қатысты. Мәселен, Костанайда орталықтандырылған сақтау пунктін тексеру кезінде бірқатар кемшілік анықталды. Бұл нысанның басшысы жауапқа тартылып, қару тәркіленді. Сондай-ақ осы қарудың бәрі ішкі істер органының қоймасына тапсырылды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, аталған операция барысында полицейлер объектілердің басшылары мен қызметкерлеріне қаруды сақтау қағидаларын егжей-тенжейлі түсіндіреді.
Пікірлер