UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде қазақстандық команда елге ерекше қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Барлық үш жүлделі орын
қазақстандық командалар қанжығасында: “Kazakhstan А” “Офицерді құтқару” тапсырмасын рекордтық уақытта (02:00 мин.) орындап, турнир кестесін бастап тұр. Екінші орынды “Kazakhstan В” жеңіп алды, үшінші кезеңнің қола жүлдесі “Kazakhstan C” командасында.
Тағы екі команда 20 үздік қатарында: “Kazakhstan D” 19-шы болып тұр, одан кейінгі орында “Tomiris” қыздар командасы. Олар әйелдер арасындағы үздік көрсеткішін қайталап, бірқатар ерлер командасынан тағы да асып түсті.
Үш кезең нәтижесі бойынша “Kazakhstan С” бірінші орында, “Kazakhstan А” екінші орында тұр.
Осылайша, қазақстандық арнайы жасақ 48 елдің 109 командасы сайысып жатқан элиталық турнирде озып келеді.
Алда UAE SWAT Challenge турнирінің екі кезеңі қалды.
Пікірлер