A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда салалық ЖИ модельдер құрылады

Бүгін / Республика

Жасанды интеллектті табысты енгізу үшін сапалы салалық деректер қажет. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Сапалы деректер — жасанды интеллект үшін негізгі ресурс және бірқатар мемлекеттік орган деректерді цифрландырудың қолайлы деңгейіне жетті. Бұл жасанды интеллектті қолданып, түрлі цифрлық шешімдерді жасауға мүмкіндік берді.
— Ендігі кезеңде біз салалық ЖИ модельдерді құруға кірістік. Осындай модельдер негізінде жасалған жасанды интеллект өнімдері жылдамырақ, дәлірек жұмыс істейді және оларды өндіріс орындарында жергілікті деңгейде пайдалануға болады, — деді Ж. Мәдиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, экономиканың нақты секторында жасанды интеллектті енгізу үшін деректерді цифрландыру деңгейі жеткіліксіз екені байқалады.
— Қазіргі уақытта салалық деректердің орташа цифрлық дайындық деңгейі 57 пайызды құрайды. Жасанды интеллектті табысты енгізу үшін цифрландыру деңгейі 90 пайыздан жоғары болуы қажет. Сондықтан биыл салалық мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп осы бағытта жұмыс жүргізіледі. Оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларының орнына өндірістерді цифрландыру бойынша өзара міндеттемелер тетігін енгізуге басымдық беріледі, — деді сала министрі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив