Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
- 2025 жылы көктемгі және күзгі шақыру жоспарлы түрде өтті. 3 520 азаматты әскерге жіберу жоспарланса, іс жүзінде 3 547 адам аттанды (100,6%). Шақырылғандардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Ұлттық ұланға жіберілді, – делінген хабарламада.
Әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылып, тұрақты бақылауда болады.
Пікірлер