Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жаңа Конституция жобасына қатысты алдағы референдум өткізуге қанша қаражат жұмсалуы мүмкін деген сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
- Осыған дейін айтқанымдай, сома әлі белгісіз. Ол бүгін түстен кейін немесе ертең белгілі болады. Орталық сайлау комиссиясынан бюджеттік сұраным күтіп отырмыз, – деді вице-министр Сенат кулуарында.
Тілшілер алдағы референдумға жұмсалатын қаражат бұған дейінгі референдумдарға кеткен ақшаға қарағанда көп бола ма деп нақтылады.
- Менің ойымша, көп болады. Себебі халық саны да көп, инфляция деңгейі де бар дегендей. Біз бюджеттік өтінімді қараймыз. Қаражат Үкімет резервінен бөлінеді, – деді Дәурен Темірбеков.
Пікірлер