
Қазақстан су ресурстарын 15 жылдық стратегияға сай кешенді жоспарлауға көшеді
Жаңа Су кодексі бойынша Қазақстанда су – стратегиялық шектеулі ресурс болып танылды, ал оның бөлінуі қатаң ғылыми есептер мен ұзақ мерзімді болжамға негізделеді, Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
ҚР Су кодексінің 30, 31-баптары
1. Су — көлемі шектеулі стратегиялық ресурс. Енді оны бөлу қатаң ғылыми есептер мен ұзақ мерзімді болжамға негізделеді. Жаңа Су кодексі аймақтардың экономикалық дамуы нақты су қорларының болуына тікелей тәуелді болатын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне көшуді бекітеді.
2. Су саясатының екі тірегі
ҚР Су кодексінің 30, 31-баптары
Жаңа Су кодексіне сәйкес, алдағы 15 жылға арналған су ресурстары саласындағы мемлекеттік саясат екі негізгі құжатқа негізделеді:
Су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспары — ұлттық деңгейдегі стратегиялық құжат. Ол елдің су қауіпсіздігі мақсаттарын айқындайды, ресурстардың (трансшекаралық өзендерді қоса алғанда) жай-күйін болжайды және экономикада суды тиімді пайдалану талаптарын белгілейді.
3. Басымдықтар және ғылыми тәсіл
ҚР Су кодексінің 30, 31 және 39-баптары
Жаңа Су кодексі суды пайдаланудың заңнамалық иерархиясын енгізеді. Жоспарларда мыналар ескерілуі керек:
Экологиялық ағын — өзендер мен көлдерді сақтау үшін табиғатта қалуы тиіс су көлемі. Бұл көрсеткіш басымдыққа ие және экономикалық қажеттіліктер үшін алынбайды.
Экономикалық тиімділік — жоспарлау барысында әр салада пайдаланылған судың әрбір текше метрінің экономикалық қайтарымы есепке алынады, бұл су үнемдеу технологияларына көшуді ынталандырады.
Халық қауіпсіздігі — жоспарлардың міндетті элементі ретінде су тасқыны мен құрғақшылық қаупі бар аумақтардың цифрлық карталары жасалады, онда нақты қорғаныс шаралары көрсетіледі.
4. Қоғамның қатысуы
ҚР Су кодексінің 4-бабы
Жоспарлар жабық кеңселерде әзірленбейді. Құрамына қоғам өкілдері мен су пайдаланушылары кіретін Бассейндік кеңестер оларды талқылауда маңызды рөл атқарады. Олардың ұсыныстары осы құжаттарды жаңартуға негіз болады.
5. Құжаттарды әзірлеу мерзімдері:
2026 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірі бойынша Бассейндік жоспарлар толық әзірленеді.
2027 жылдың үшінші тоқсанына дейін бассейндік деректер негізінде Су ресурстарын кешенді басқарудың бірыңғай бас жоспары әзірленеді.
Бұл құжаттар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қалаларды дамыту жоспарларын бекітудің іргелі негізіне айналады. Оларды ескермей даму бағдарламаларын қабылдау мүмкін болмайды.
Бассейндік жоспарлар — бұл Қазақстанның сегіз су шаруашылығы бассейнінің әрқайсысына арналған нақты «жол карталары». Олар жалпы мақсаттарды жергілікті деңгейдегі нақты шараларға айналдырады: жойылып бара жатқан су айдындарын қалпына келтіруден бастап, бөгеттер мен каналдарды жаңғыртуға дейін.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы
Руханият
Жұлдыз жорамал
Пікірлер