A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:00 0

Елімізде наурыз мейрамында пойызға билет табу жеңілдейді

Бүгін / Республика

Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қосымша пойыздар қозғалысы

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив