A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 13:00 0

Қазақстан әлемдік күнбағыс майы экспортында 8-орынға ие болды

Бүгін / Республика

Қазақстан әлемдік күнбағыс майы экспортында 8-орынға ие болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Келесі маңызды қадам – қайта өңдеу. Осы бағытта май өңдеу зауыттарының қуатын кеңейту және технологиялық жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2024–2025 жылдары 58 млрд теңгеге жалпы қуаты шамамен 1 млн тонна болатын 4 ірі жоба іске қосылды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында инновациялық өнім — лецитин өндіру бойынша өндірістік желі пайдалануға берілді, - деді министр.
Оның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында да биыл лецитин өндіру зауыты іске қосылатын болады.
- Сонымен қатар алдағы үш жылда 94 млрд теңгеге 13 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы шаралардың арқасында күнбағыс майының экспорты 600 мың тоннаға дейін жетіп, Қазақстан әлемдік май экспортында 8-орынға ие болды, - деді Айдарбек Сапаров.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив