A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 17:25 0

Азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Азат Сұлтанов

Бүгін / Республика

Кейбір көкөніс түрлері бағасының өсуі маусымдық сипатқа ие. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Серік Жұманғаринмен (Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі) әр аптада әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауларларының баға өсіміне қатысты жиналыс өткіземіз. Айталық, өткен апта қорытындысында өсім не бәрі 0,2 пайызды құрады. Ең басты фактор – бұл маусымдық. Көкөністер топтамасында сақтау және басқа да шығындар бар. Олар түптеп келгенде бағаға әсерін тигізеді. Бұған қоса, азық-түлік инфляциясына қатысты айтқан кезде әлеуметтіе маңыз бар азық-түлік тауарлары мен азық-түлік бауарлары бағасының ара-жігіт ажырату қажет, - деді вице-министр бүгін Үкімет отырысынан кейін.

Оның айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауларлардың бағасы 0,6 пайызға өсті. Ал қырыққабат, картоп және қызанақ бағасының көтерілуі маусымдық сипатқа ие.

- Азық-түлікке келер болар болсақ, нан бағасы кейбір өңірде 0,4 пайызға, ұн 0,3 пацйызға қымбаттады. Мұнда да маусымдық фактор әсер етіп отыр. Астық жиналғаннан кейін бидай әдетте экспортқа шығарылып, ішкі бағаға әсерін тигізеді. Көршілерге қарағанда астық бағасы тоннасына 10 мың теңгеге өсті. Мұның бәрі бағаның артуына алып келеді. Бірақ, біз бағаның күрт өсуіне жол бермейміз. Себептері анықталып жатыр. Әр кәсіпорынмен жұмыс істелініп жатыр. Егер бағаның көтерілуінің объективті себептері болса, онда кәсіпорынға еш шара қолданылмайды. Сауда сөрелердегі бағаның делдалдық тізбектер салдарынан көтерілгені аталып өтуде. Мұндай жайтта қатаң шаралар қабылданады, - деді Азат Сұлтанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив