A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:35 0

Елдегі орташа зейнетақы 157 мың теңгеден асты

Бүгін / Республика

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгеге жетті. Жыл басынан бері зейнеткерлерге төлем жасау үшін бюджеттен 395,2 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Базалық зейнетақы қандай?

Аталған мәліметтерді 2026 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі жария етті.

Ведомство хабарлауынша:

1) базалық зейнетақы төлеміне – 131,3 млн теңге;
2) ынтымақты зейнетақы төлеміне – 263,9 млн теңге бағытталған.
3) 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 538 мың адам.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Еңбек өтілінің маңызы қандай?

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 34 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 118% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Жарна тұрақты болуы тиіс

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.


Фото: Inbusiness.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив