A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 14:00 0

Елімізде алаяқтықтың басым бөлігі шетелдік серверлер мен VPN арқылы жүзеге асырылады

Бүгін / Республика

Қазақстандықтар күн сайын дерлік белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, «банк қызметкеріміз» дейтіндерге немесе жеңіл олжа ұсынатын интернет-жарнамаларға тап болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Qamqor.gov.kz деректері бойынша өткен жылы 301 768 іс тіркелген, яғни орташа есеппен күніне 800-ден астам жаңа іс тіркеліп отырған. Зардап шеккендердің жартысынан көбі (173 мыңнан астам іс) әйелдерге қатысты. Жалпы алаяқтықтың 50%-дан астамы (177 325 іс) ғаламтор арқылы жасалған. 

Бұл істердің басым бөлігі ашылмаған күйі қалып отыр. Сотқа тек 99 мыңы ғана жіберілген. Ал 132 мыңнан астам іс (шамамен 34%-ы) қылмыскердің кім екені белгісіз болғандықтан тоқтап тұр. Әсіресе, интернет-алаяқтық бөлімінде бұл көрсеткіш тіпті жоғары (99 881 іс). Бұл сандар қылмыскерлердің дені шетелдік серверлерді, VPN-арналарды және басқа мемлекеттердің банк карталарын қолданатынын көрсетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив