Ауа райының қолайсыздығына байланысты 19 ақпан күні сағат 12:00-ден бастап Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары аумағындағы бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясынан жазғандай, шектеу Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығында – Абай облысының шекарасынан «Рубеж» бекетіне дейін қолданылады.
Сондай-ақ «Өскемен – Семей» автожолының 12-45 шақырым аралығында – Казачье ауылынан Таврия ауылына дейін және 48-103 шақырым аралығында – Таврия ауылынан Абай облысының шекарасына дейін қозғалыс шектелді.
Абай облысында «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығында – Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін жүк көліктеріне уақытша тыйым салынды.
Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін 19 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұрғаны хабарланды.
Пікірлер