Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие. Оның ішінде 39 қала – облыстық маңызы бар, 48 қала – аудандық маңызы бар, ал 3 қала – республикалық маңызы бар қалалар санатына жатады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бөлінісінде қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік. Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – әрқайсысында 8 қаладан бар.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген.
Республика бойынша аудандардың ең көп саны Ақмола облысында – 17 бірлік, кенттердің ең көбі Қарағанды облысында – 8 бірлік. Ауылдардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 794 бірлік.
Пікірлер