A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:00 0

Қазақстан U-17 құрамасы Даму кубогын жеңіспен бастады

Бүгін / Республика

Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан Даму кубогын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы кездесуінде қазақстандық футболшылар Минск құрамасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ел құрамасынан Дигдар Омаров (18, 51-минуттар) және Ислам Ракым (49-минут) мергендік танытты.

Енді отандастарымыз 20 ақпанда Беларуси U-17 құрамасымен шеберлік байқасады. Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. 

Одан кейін қазақстандық футболшылар Тәжікстан U17 құрамасымен кездеседі. 

Жарысқа 8 құрама қатысады. Олардың қатарында Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан мен Минск құрамалары бар.

Олар алдымен екі топта бақ сынайды. А тобында біздің команда Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамалары ойнайды. Ал В тобында Беларусь U16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей бар.

Аға бапкер Бауыржан Сағындық оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады:

Қақпашылар: Никита Килджиев, Әлихан Шайзада (екеуі де – «Шахтер»), Батырхан Серікбай («Жас Қыран»), Камиль Гайнуллин («Қайрат»);

Қорғаушылар: Жәнібек Жайлаубек, Данил Золкин, Мейірлан Балтабаев (бәрі – «Шахтер»), Ислам Рақым, Марлен Әміренов, Мансур Авасханов, Әлфир Ханафи, Әбди Әлихан (бәрі – «Қайрат»), Дінмұхаммед Дайрабай («Жас Қыран»), Нұралы Азатқазы (клубсыз);

Жартылай қорғаушылар: Әлихан Жұмабек, Дамир Юсупбеков (екеуі де – «Қайрат»), Ринат Бейбітов, Акбар Сәденов (екеуі де – «Ақтөбе»), Шәріпхан Шәріпжан (клубсыз);

Шабуылшылар: Әнуар Төленді (ҚФФ Академиясы), Рустам Сайфимилюков, Дигдар Омаров, Расул Әкімов (бәрі – «Шахтер»), Абылай Жылқайдар, Роман Черноморец, Дәулет Орынбасар (бәрі – «Қайрат»), Расул Досан («Атырау»), Мағзұм Жоламан («Каспий»), Ибраһим Бауыржан («Ақтөбе»).

Халықаралық турнир 23 ақпан күні мәресіне жетеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив