A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 12:00 0

Абай облысында 18 адам қар құрсауынан құтқарылды

Бүгін / Республика

Түнгі уақытта Көкпекті ауданында, Көкпекті ауылынан 30 шақырым жерде жабық автожол учаскесінде 6 жүк және 2 жеңіл автокөлік қарға батып, қозғалысын жалғастыра алмай қалған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта Көкпекті ауданында, Көкпекті ауылынан 30 шақырым жерде жабық автожол учаскесінде 6 жүк және 2 жеңіл автокөлік қарға батып, қозғалысын жалғастыра алмай қалған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен барлығы 18 адам құтқарылып, Көкпекті ауылына жеткізілді. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.

- Анықталғандай, жүргізушілер жол қозғалысына шектеу енгізілгенге дейін аталған жол учаскесіне шығып кеткен, - делінген ақпаратта.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сапарға шығар алдында автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты нақтылап, жауапты қызметтердің ұсынымдарын қатаң сақтауды ескертеді.

Айта кетейік, Жетісу облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 17 адамды эвакуациялады.

 https://kaz.inform.kz/news/abay-oblisinda-18-adam-kar-kursauinan-kutkarildi-6bd248/

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив