Қазақстанда үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы шығарған «Десилмакс» препаратын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынып, айналымнан жинап алу туралы шешім шықты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті бұйрығында айтылған.
— Шектеу таблеткалардың BSE92301A сериясына қатысты. Бұл партияның жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін деп көрсетілген. Десилмакс дәрілік затының аталған сериясын медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан жинап алынсын, — делінген бұйрықта.
Айта кетейік, бұл шешімге Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының хаты мен өткен жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.
Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен «СК-Фармация» мекемесіне дәріні қолданыстан шығару туралы тапсырма берілді. Бұйрықтың орындалуын фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы қадағалайды.
Бұған дейін, елде тегін және жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді сатқан фактілер жайлы жазған едік.
Пікірлер