A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:00 0

Алдағы күндері 40 градус аяз болады

Бүгін / Республика

Ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, арктикалық суық ауа массаларының келуімен ауа температурасы төмендейді.
Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде) болады. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман басады.
Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде 28–37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32–40 градус аяз күтіледі. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0–10 градус аяз шамасында болады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив