Отандық автокөлік өндірісі қарқынды дамып келеді. Бұл жөнінде «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ президенті Анар Мақашева мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— 2025 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 171 442 автокөлік өндірілді. Олардың арасында жеңіл көліктер, жүк көліктері және автобустар да бар. Бұл көрсеткіш жылдан жылға қарыштап өсіп жатыр. Мәселен, 2025 жылы 2024 жылға қарағанда 26 мың дана машина артық жасалды. Ал 2026 жылы Қазақстанда 209 мыңнан астам автокөлік өндіріледі деп болжаймыз, — деді ол.
Анар Мақашеваның сөзінше, қазір елімізде автокөлік шығаратын 11 зауыт жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, бұл салада тағы бір кәсіпорын ашылмақ.
— Автокөлік жасайтын зауыттарда 2024 жылы 6 875 адам жұмыс істеген. Ал 2025 жылы 11 169 жұмысшы тіркеліп, бұл көрсеткіш небәрі бір жылда 62%-ға артты. Демек, автокөлік өндірісінің өнімдері ғана емес, халықты жұмыс қамту деңгейі де өсіп келеді, — дейді Анар Мақашева.
Пікірлер