2025 жылғы IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде:
7,2 млн — жалдамалы қызметкерлер (77%)
2,1 млн — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%)
Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:
сауда — 17%
білім беру — 13,2%
өнеркәсіп — 12,5%
ауыл шаруашылығы — 10,3%
көлік және қойма — 7,2%
құрылыс — 6,8%
денсаулық сақтау — 6,6%
— 2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты, өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген, — делінген хабарламада.
Пікірлер